Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зинедин Зидан мен Рафаэль Надаль Олимпиада эстафетасын жалғастырды

Жарияланған күні:

Зинедин Зидан
Зинедин Зидан. Фото: Loic Venance - Pool/Getty Images

Бүгін, 26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты стадионда емес, тарихта алғаш рет cу үстінде өтті. Әр елдің құрамалары қайыққа мініп, Париждегі Сена өзенін бойлай шеру жасады. Айта кетейік, аталмыш жарысқа Қазақстан делегациясы да қатысты. Көк туымызды боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шықты.

Мемлекеттер шеруінен соң Франция президенті Эммануэль Макрон Олимпиаданың ресми түрде басталғанын мәлімдеді. Кейін Франция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Зинедин Зидан мен теннисші Рафаэль Надаль Олимпиада алауын табыстау эстафетасын жалғастырды. Кейін бұл шеруді жалғау мәртебесі Серена Уильямс және Тони Паркер сияқты спортшыларға берілді. Ал "Тюильри" саябағында Олимпиада алауын дзюдошы Тедди Ринер мен жеңіл атлет Мари-Хосе Перек тұтатты.

Айта кетейік, аталмыш дүбірлі доданың ашылу салтанатына бірқатар әлемдік танымал жұлдыздар мен лауазымды тұлғалар қатысқан еді.

Зидан мен Надаль
Зидан мен Надаль. Фото: Jamie Squire/Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140435-zinedin-zidan-men-rafael-nadal-olimpiada-alauyn-tabystau-estafetasyn-bastady/