Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мергендер Олимпиада ойындарының қола жүлдесін сарапқа салады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстандық мерген
Қазақстандық мерген. Фото: olympic.kz

Қазақстандық мерген Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан қола жүлдені сарапқа салу құқығына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар іріктеу сайысында жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Жұптық сында жинаған ұпайы 630,8. Біздің мергендер тек Қытай мен Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан қалып қойды. Қос елдің мергендері ен ақтық сында алтын медаль үшін күреседі.

Ал Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлде үшін жарыста германиялық мергендер Анна Янссен мен Максимилиан Ульбрихпен сайысады. Неміс спортшыларының іріктеудегі нәтижесі 629, 7 балл.

Айта кетейік, жалпы іріктеуде 28 жұп сынға түсті. Қазақстандық тағы бір дуэт Арина Алтухова мен Константин Малиновский бұл сайыста 27-орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140509-qazaqstandyq-mergender-olimpiada-oiyndarynyng-qola-zhuldesin-sarapqa-salady/