Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түні бойы ұйықтамадым": Олимпиадада қола жүлде алған спортшылардың аналары әсерін бөлісті

Жарияланған күні:

Александра Ле мен Ислам Сәтпаевтың аналары
Александра Ле мен Ислам Сәтпаевтың аналары. Фото: Алматы әкімдігі

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған Ислам Сәтпаев пен Александра Ленің аналары олардың жүлдесінен кейін алған әсерін бөлісті. Бұл туралы Алматы әкімдігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Александра Ле мен Ислам Сәтпаевтың аналары Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының онлайн-трансляциясы кезінде балаларының жеңісі туралы біліп, қуаныштан көз жасын ұстай алмады.

"Барша қазақстандықтарға, әрине, оның жаттықтырушысы Ольга Вячеславовна Довгунға қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Менің қызым Қазақстанның нағыз патриоты және ешқайда көшуді жоспарламайды", - деді 20 жастағы Александраның анасы.

Ислам Сәтбаевтың анасы Әлияның айтуынша, 25 жастағы ҚР бірнеше дүркін чемпионы жеті жасынан бастап атыспен айналысады.

"Мен түні бойы ұйықтамадым, уайымдадым, нәтижелері жарияланған кезде мен қатты қуандым! Мен ұлым медаль алады деп сендім, ол өте ынталы және еңбекқор", - деді чемпионның анасы.

Айта кетсек, бұған дейін алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған 25 жастағы Ислам Сатпаев пен 20 жастағы Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түскенін жазған едік.

Осылайша, олар пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140612-tuni-boiy-uiyqtamadym-olimpiadada-qola-zhulde-algan-sportshylardyng-analary-aserin-bolisti/