Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: бүгін қай спортшыларымыз сынға түседі

Жарияланған күні:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: olympic.kz

Бүгін, 28 шілдеде Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 14 спортшы қорғайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін дзюдо және шпагамен семсерлесу (ерлер) бойынша Олимпиада жүлдесі cарапқа салынады. Сондай-ақ үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек Қазақстан алғаш рет бадминтоннан сайысқа түседі.

28 шілдеге арналған жарыс кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

11:30. Бадминтон. Топтық кезең

  • Дмитрий Панарин (Қазақстан) – Кента Нишимото (Жапония).

12:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (әйелдер)

  • Арина Алтухова және Александра Ле.

12:36. Академиялық ескек есу. Жекелей сын (ерлер). Жұбаныш жарысы

  • Владислав Яковлев.

13:00. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

  • Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)

13:00. Дзюдо.

  • Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсиа Торне (Испания). 66 кг.

Медаль үшін белдесулер сағат 19:00-де басталады.

14:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (ерлер)

  • Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский.

14:48. Бокс. 1/8 финал (ерлер)

  • Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия). 92 кг.

15:00. Теннис. Ерлер. 1-айналым

  • Александр Шевченко (Қазақстан) – Якуб Меншик (Чехия).

15:50. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

  • Руслан Құрбанов – Хусам эль Корд (Марокко).

16:40. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

  • Эльмир Әлімжанов - Луиджи Мидельтон (Франция).

Қола медальдар үшін жекпе-жек 00:20-да өтеді. Финал 01:15 (29 шілде).

18:46. Бокс. 1/16 финал (ерлер)

  • Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш (Иордания). 71 кг.

19:50. Бокс. 1/16 финал (әйелдер)

  • Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия). 50 кг.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының екі жүлдесі бар. Жарыстың алғашқы күні нысана көздеу спортынан Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140818-parizh-olimpiadasy-bugin-qai-sportshylarmyz-synga-tusedi/