Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай бере салған": Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін отбасымен сөйлескен видеосы тарады

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Видеодан кадр: instagram.com/ olympickz

Күні кеше отандық дзюдошы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Желіде оның жеңісінен кейін отбасымен сөйлескен сәтінен видео тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Ұлттық Олимпиада комитеті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Елдос Сметовтің видеоқоңырау арқылы отбасымен сөйлесіп жатқанын аңғаруға болады.

"Балапаным менің. Күнім сол менің, Абдуллах. Абдуллах, мінеки, сенің алтының. Абдуллах, міне алтын саған. Сен алтын бала болдың ғой. Құдай бере салған. Жаным-жаным, күнім!", - дейді ол видеода.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов үш дүркін Олимпиада жүлдегері атанды. Ол Rio-2016 бәсекесінде күміс, Tokyo-2020 додасында қола медаль жеңіп алған еді.

Еске салайық, Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы бірінші белдесуінде нидерландиялық спортшы Торнике Цякадоеаны жеңсе, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовтан айласын асырған еді. Ал ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Юнг Вейден басым түскен болатын. Кейін жартылай финалда Испания спортшысы Франсиско Гарригосты жеңіп, мансабында екінші рет Олимпиаданың финалына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140819-qudai-bere-salgan-eldos-smetovting-olimpiadadagy-zhengisinen-keiin-otbasymen-soilesken-videosy-tarady/