Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап жүріп күресетін": Елдос Сметов пен бапкерінің ұстазы дзюдошы жайлы тың дерек айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ахмет Жұмағұл
Ахмет Жұмағұл. Видеодан кадр: instagram.com/ qazaqstan.tv

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің ұстазы Ахмет Жұмағұл шәкірттеріне қатысты пікір білдірді. Ол Париж төрінде көк туды желбіреткен ізбасарлары үшін қуанышты екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бапкермен сұқбат Qazaqstan телеарнасының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"5 жасында келді. Бір жылдан кейін жаттығу жасап жүргенде өжеттігі, қайтпас қайсарлығы бар екенін байқадым. Жеңіліп қалса, жылап, еңіреп жүріп күресетін. Сол бір жылдан кейін жарысқа алып барып ем, жеңіп шықты. Содан әрі қарай кете берді. Менің қолымда 10 жылдай болды, одан кейін интернатқа жібердік.

Сол жерде жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев ағасының қасында болды. Ғалымжан да менің шәкіртім. 3-сыныптан бастап маған қатысқан. Ол да Қазақстан, әлемді (біріншілігін-ред. ескертпесі) ұтты, Еуропа мен Азияны екі рет ұтты. Құтты болсын дейміз, күллі қазақ елі алтынға қуанып жатырмыз. Күмісі бар, қоласы бар, "бір алтын жетпей тұр" деп айтушы еді. Сол арманына жетті, мінеки. Балама рақмет айтамын, қазір мені "ата" дейді", - деді ол.

Айта кетейік, күні кеше Елдос Сметов дзюдодан Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Осылайша, ол есімін Қазақстан дзюдосы тарихында Олимпиада алтынын еншілеген алғашқы спортшы ретінде алтын әріппен жазып қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140834-zhylap-zhurip-kuresetin-eldos-smetov-pen-onyng-zheke-bapkeri-bir-ustazda-zhattyqqan-video/