Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: семсерлесуші Вадим Шарлаимов алғашқы айналымда жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Семсерлесуші Вадим Шарлаимов
Семсерлесуші Вадим Шарлаимов. Фото: Olympic.kz

Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының семсерлесу бәсекесі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сайыстар басталды. Жарыстың 1/32 финалдық кезеңінде қазақстандық Вадим Шарлаимов Оңтүстік Африка өкілі Гарри Санермен кездесті. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша Вадим Шарлаимов 15:9 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға жолдама алды.

Қазақстандық семсерлесуші 1/16 финалдық кезеңінде франциялық Янник Боррельмен шеберлік байқасады. Бұл кездесу сағат 15:25-те басталады.

Сонымен қатар бүгін шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сында Эльмир Әлімжанов пен Руслан Курбанов жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, Олимпиаданың бірінші күні ел қоржынына екі жүлде түсті. Қазақстандық мергендер аралас командалық бәсекеде қола жүлдені қанжығасына байласа, дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140849-parizh-olimpiadasy-semserlesushi-vadim-sharlaimov-algashqy-ainalymda-zhengiske-zhetti/