Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдос, келгенде бір құшақтап қой": Сметов үшін теледидар алдында жанталасқан жанкүйер жұртты сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметовтің жанкүйері
Елдос Сметовтің жанкүйері. Видеодан кадр: instagram.com/turkestangramm

Әлеуметтік желіде дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке теледидар алдында жанталаса қолдау көрсеткен азаматтың видеосы тарады. Көпшілік отандасына жан-тәнімен жанкүйер болған ер адамға сүйсініп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан қазақ отбасының теледидар алдында Олимпиада ойындарын тамашалап отырғанын байқауға болады. Бір сәтте жанкүйер болып отырған ер адам Елдос Сметовтің татамидегі соңғы секундтарын санап, жанталасады. Ол дзюдошы Олимпиада чемпионы атанғанда қуанышын тіпті жасыра алмай қалады.

Видеоны көрген желі қолданушылары Елдос Сметовтің жеңісіне жан-тәнімен қуанған азаматқа ақ тілегін жаудырды.

"Біреудің қуанышына қуанған адамға Алла осындай қуаныш сыйлайды", "Алтын құтты болсын", "Жылағым келіп кетті, шынайы жанкүйер", "Елдос көрсе, бір жаңа теледидар алып береді ғой", "Міне, осындай ағаларымызды жанкүйер етіп апару керек, стадион тік тұрады", "Елдос, осы ағаңмен кездесуді жазсын", "Елдос, мына көкеме медаліңді бір көрсетіп, бір құшақтап қой", - деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140960-eldos-kelgende-bir-qushaqtap-qoi-smetovti-teledidar-aldynda-zhantalasa-qoldagan-zhankuier-zhurtty-suisintti-video/