Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Токиодан Mercedes-пен күтіп алдық": отандық кәсіпкерлер биыл Елдос Сметовке қандай көлік сыйламақ (видео)

Жарияланған күні:

Жұмабек Жанықұлов пен Руслан Берденов
Жұмабек Жанықұлов пен Руслан Берденов. Видеодан кадр: instagram.com/ beriksultan

Отандық кәсіпкерлер Жұмабек Жанықұлов пен Руслан Берденов Париждегі жазғы Олимпиаданың чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовті күтіп алуға дайындалып жатыр. Дегенмен олар спортшыны қандай көлікпен қуантатынын әлі шешпеген сыңайлы, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Руслан Берденовтің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Осыдан тура 4 жыл бұрын Елдосты Алматыда Жұмабек (Жанықұлов- ред. ескертпесі) ағамызбен күтіп алғанбыз. Сол кезде Жұмабек аға бір көлік сыйлаған болатын. Mercedes еді. Қазір сол күтіп алуды ұйымдастырып жатырмыз. Бірақ "қандай көлік аламыз?" деп ойланып отырмыз", - дейді Руслан Берденов.

Жұмабек Жанықұловтың айтуынша, Елдос Сметовті қандай көлік күтіп тұрғаны әзірге құпия.

"Алматыға барамыз, Елдостың қашан келетінін білеміз. Соған қарай дайындаламыз. Қазір сұрақ көп қой. Ертең оның тағдырында қандай көлік бар екенін көреміз", - дейді видеода Жұмабек Жанықұлов.

Осы ретте Руслан Берденов көлік салондарына үндеу жасап, ұсыныстарды қабылдауға дайын екенін де жасырмады. Ол келесі жазбасында дзюдошының Токио Олимпиадасынан оралған сәтін қайта көрсетті.

"Елдос Сметовті 2020 жылы Токио Олимпиадасынан судай жаңа Mercedes-пен күтіп алған едік. Енді Жұмабек Жанықұловтың басы қатып жатыр", - деді Руслан Берденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140992-tokiodan-mercedes-pen-kutip-aldyq-otandyq-kasipkerler-biyl-eldos-smetovke-qandai-kolik-syilamaq-video/