Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының ескекшілері Қазақстан чемпионатында 57 медальді қоржынға салды

Жарияланған күні:

Жүлделі болған ескекшілер
Жүлделі болған ескекшілер. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Алматыда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Алматыда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

"Түрлі бағдарламалар бойынша 21 алтын, 15 күміс және 21 қола медаль иеленген Түркістан облысының командасы бірінші орынға ие болды.

15 алтын, 17 күміс және 9 қола жүлде алған Шымкент қомандасы екінші орынға ие болса, Қарағанды ​​облысының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің 12 облысынан ескек есу шеберлері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141154-turkistan-oblysynyng-eskekshileri-qazaqstan-chempionatynda-57-medaldi-qorzhynga-saldy/