Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарты жыл қалғанда әлеуметтік желіні өшірді": Ғұсман Қырғызбаевтың егізі оның Олимпиадаға қалай дайындалғанын айтты

Жарияланған күні:

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев. Фото: instagram/qaz_team_official

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Ғұсман Қырғызбаевтың егіз бауыры Ғұмар Қырғызбаев "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында спортшының бұл байрақты бәсекеге ерекше дайындалғаны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Олимпиадаға 1 жыл қалғанда үйден бір адам бару керек деп дайындығын бастап кетті. Жарты жыл қалғанда әлеуметтік желілерін өшірді. Дұрыстап дайындалсам медальға жетемін деген сенімі болды. Сенімі ақталды. Үш уақыт жаттығуды жібермей барды. Бір-бірімізбен татамиде қарсылас болған кездеріміз де болды. Ғұсман көбірек жеңетін", - деді Ғұмар Қырғызбаев.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Осыған дейін мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль иеленген еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік ондықта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141205-dziudoshynyng-egiz-bauyry-gumar-qyrgyzbaev-olimpiadaga-zharty-zhyl-qalganda-aleumettik-zhelini-oshirdi/