Париж Олимпиадасы аясында академиялық ескек есуден қазақстандық Владислав Яковлев жартылай финалдық бәсекеде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық ескек есуші Владислав Яковлев жартылай финалдық бәсекеде сынға түсті. 2000 метрге жүзу кезінде ол мәре сызығын 7:26.20-да кесіп өтіп, өз тобында үздік шыққан отандасымыз тек жұбаныш финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Жұбаныш финалында спортшылар жүлдеге таласа алмайды.
Жұбаныш финалынан кейін спортшылардың бұл сайыстағы орындары белгілі болады.
31 жастағы қазақстандық Владислав Яковлев спорт мансабында Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысып жатыр.
Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.
- Қазақстандық мергендер жарыс жолынан шығып қалды
- Париж Олимпиадасы: Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141242-vladislav-iakovlev-finaldyq-kezengge-zholdama-aldy/