Қазақстандық мерген Александра Ле 2024 жылғы Олимпиадада пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан жекелей сайыстың финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан жекелей турнирдің жекелей сынының финалдық кезеңінде 8 спортшы бақ сынасты.
Аталмыш сайыста өнер көрсеткен қазақстандық мерген Александра Ле 165,4 ұпай жинақтап, 6-орынға тұрақтады.
Бұл бәсекеде бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Бан Хёдзин еншілесе, екінші орын қытайлық Хуан Юйтинге бұйырды. Ал үздік үштікті швейцариялық Одри Гоньят түйіндеді.
Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141283-qazaqstandyq-mergen-aleksandra-le-zhuldege-ilige-almady/