Жүзу спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова Париж Олимпиадасында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден сынға түсіп, мәреге екінші болып жетті. Оның көрсеткіші – 1 минут 2,51 секунд. Бірақ бұл нәтиже жартылай финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1/2 финалға үздік нәтиже көрсеткен 16 спортшы өтті. Ал Игнатова 26-орын алып, медальдан үмітін үзді.
Енді Париж Олимпиадасында тағы бір қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин бақ сынайды. Ол 100 метрге еркін және баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түседі.
Еске салайық, жүзу спортынан Қазақстан тарихында алғашқы Олимпиада чемпионы болған Дмитрий Баландин әке атанғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141338-qazaqstandyq-zhuzgish-parizh-olimpiadasyn-zhuldesiz-aiaqtady/