Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты қуандым": Сметовке кимоно сыйлаған жапон дзюдошысы әріптесінің жеңісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Наохиса Такато
Наохиса Такато. Видеодан кадр: t.me/ @qazaqstantv

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған дзюдошы Елдос Сметов финалдық белдесуге жапон спортшысы Такато сыйлаған кимононы киіп шыққан еді. Көп ұзамай атышулы қарсыласының жеңісіне қатысты Наохисаның өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы Telegram желісіндегі ресми парақшасында.

Қос дзюдошы түрлі халықаралық жарыстарда он жылдай қарсылас болған. Соған қарамастан, Наохиса Такато қазақстандық әріптесінің жеңісіне қатты қуанған. Оның айтуынша, Елдос Сметов екеуі татамиден тыс тек достық қарым-қатынаста.

"Елдос екеуіміз татамиде қарсылас болсақ та, өмірде доспыз. Мен белдесіп жүрген кезде Елдос жас еді. Сонда да оның белдесулерін қызығып қарайтынмын.

Екеуіміз де белдескенбіз. Елдостың Олимпиада чемпионы атанғанына қатты қуандым. Қазақстанда дзюдо жақсы дамып келеді. Осы спорт түріне қызығушылар көп", - дейді Токио Олимпиадасының жеңімпазы Наохиса Такато.

Айта кетейік, осыған дейін Наохиса Такато желіде Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтап, оның өзі сыйлаған кимононы киіп шыққанын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141361-qatty-quandym-smetovke-kimono-syilagan-zhapon-dziudoshysy-ariptesining-zhengisine-qatysty-pikir-bildirdi-video/