Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтың қола алған сәтін ордабасылық жерлестері мәдениет үйінде тамашалады

Жарияланған күні:

Ордабасылық жанкүйерлер
Ордабасылық жанкүйерлер. Фото: ordabasy.gov.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевтың жерлестері оны қолдап, мәдениет үйінде бас қосты. Олар үлкен экраннан спортшының күресін тамашалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ордабасы ауданы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күні кеше Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичпен Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдесіп, 66 кг салмақ дәрежесіндегі кездесуде қазақстандық дзюдошы "вазари" ұпайымен жеңген болатын.

Ғұсманның үшінші орын үшін болған белдесуін ордабасылық жерлестері аудан орталығындағы мәдениет үйіндегі үлкен LED экраннан тамашалады.

Жанкүйерлер
Жанкүйерлер. Фото: ordabasy.gov.kz

Мәдениет үйіне жиналғандар
Мәдениет үйіне жиналғандар. Фото: ordabasy.gov.kz

Ордабасылық жанкүйерлер.
Ордабасылық жанкүйерлер. Фото: ordabasy.gov.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141395-dziudoshy-gusman-qyrgyzbaevtyng-zhengisin-ordabasylyq-zherlesteri-madeniet-uiinde-tamashalady-foto/