Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен мәртебе": Макрон қазақстандықтарды Сметовтің Париж Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алмаз Альсенов, Елдос Сметов пен Геннадий Головкин
Алмаз Альсенов, Елдос Сметов пен Геннадий Головкин. Фото: instagram.com / jenysjudoclub

Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі Олимпиада ойындарында дзюдошы Елдос Сметовтің жеңісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ JENYS дзюдо клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

27 шілдеде қазақстандық спортшы 60 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада алтын жеңіп алды. Елдос Сметов ел тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Париждегі Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық дзюдошы франциялық Лука Мхеидземен кездесті. Тартысты кездесуді аренадан Франция президенті Эммануэль Макронның өзі тамашалады.

Дереккөздің хабарлауынша, қазақстандық дзюдошының жеңісінен кейін Франция президенті Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі, JENYS кәсіби дзюдо клубының негізін қалаушы Алмаз Альсеновке тікелей хабарласқан.

"Сізді және Қазақстан халқын осы айтулы жеңіспен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстан дзюдодан бірінші алтын медалін Францияда жеңіп алғанына қуаныштымын", - делінген Макронның мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 28 шілде күні дзюдодан ұлттық құрама 2024 жылғы Олимпиада ойындарында екінші медальді жеңіп алған болатын. 66 кг дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Елдос Сметовті жеңісімен құттықаған болатын.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев JENYS кәсіби дзюдо клубында жаттығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141455-ulken-martebe-makron-qazaqstandyqtardy-smetovting-parizh-olimpiadasyndagy-zhengisimen-quttyqtady/