Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиаданы тамашалау үшін көлікпен саяхатқа шыққан атыраулық отбасы Парижге жетті (фото)

Жарияланған күні:

Шыныбековтер. Фото
Шыныбековтер отбасы. Фото: Жеке мұрағат

Олимпиада ойындарын өз көзімен көруді қалаған қазақстандық отбасы Атыраудан Парижге көлікпен саяхаттап барған. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық отбасы Францияда өтіп жатқан Олимпиадада біздің спортшыларға қолдау көрсету үшін отбасымен бірге көлікпен саяхаттап шыққанын жазған едік.

"Ақ Жайық" басылымы ақпаратынша, Парижге жету үшін отбасы күн сайын 600 шақырым жол жүріп отырған. Шыныбековтер отбасы Франция астанасына 13 күнде жеткен.

Шыныбековтер. Фото
Шыныбековтер отбасы. Фото: Жеке мұрағат

Саяхаттағанды жақсы көретін ерлі-зайыпты балалармен ұзақ жолға шығудың қиындығын да айтты.

"Баланың аты бала ғой. Әрине, қыңырлыққа салынады, шаршайды. Бірақ жол бойында басқа жандар өмірінде көрмеген көп нәрсені көрді. Грузиядағы сарқыраманың жанында шатырда түнедік, Италияның жұлдызды аспаны астында алау жақтық. Түрлі тілдерді естідік, түрлі нәсілдерді көрдік. Әрбір күн олар үшін жаңалық болды. Сондықтан бүкіл әлемді, оның бүкіл сұлулығы мен сүйіспеншілігін көзбен көріп, тамашалаудың өзі бір ғанибет емес пе?!", - дейді ерлі-зайыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141617-atyraulyq-otbasy-olimpiadany-tamashalau-ushin-parizhge-kolikpen-zhetken-foto/