Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұсман Қырғызбаев: Елдос екеуміз бір-бірімізді көрсек "құдеке" деп сөйлесеміз

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев. Фото: instagram.com / yeldos60kg

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаев Kazinform сайтына берген сұқбатында Елдос Сметов екеуі бір-біріне бесік құда екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Елдос екеуміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел-баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған "екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз. Бірдеме айтсам ренжіп қалмайсың ба" деді. Көңілімде ештеңе жоқ, бірден "айта бер, ренжімеймін" дедім.

"Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық" деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған "сол күнге жеткізсін демейсің бе? Мен сырғамды алып келдім" деп қызыма сырға тақты. Осылай екеуміз қазір бір-бірімізді көрсек "құдеке" деп сөйлесеміз", - деді дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің бірінші күнінде дзюдошы Елдос Сметов Олимпиаданың алтынын таққан болатын. Ал жарыстың келесі күні Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141667-gusman-qyrgyzbaev-eldos-ekeumiz-besik-qudamyz-ol-mening-kishkentai-qyzyma-syrga-salyp-qoigan/