Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші Париж Олимпиадасында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париж Олимпиадасында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Бублик пен Александр Недовесов 29 шілдеде Олимпиадада жұптық сайыста бақ сынаған еді. Олар бразилиялық жұп Тьяго Монтейро және Тьяго Уайлдқа қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Сашамен (Недовесов – ред.ескертпесі) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", - деді Бублик.  

Еске салайық, Александр Бублик жекелей сында АҚШ өкілі Тэйлор Фрицпен кездесіп, 2:0 (4:6, 4:6) есебімен ұтылған еді. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Олимпиаданың алғашқы айналымында чехиялық Якуб Меншикке есе жіберген болатын (3:6, 4:6).

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспады. Юлия Путинцева да тізесін жарақаттап алып, төрт жылдықтың басты бәсекесінен шет қалған болатын. Осылайша, теннистен Қазақстан құрамасы Парижде бірде-бір жүлде иелене алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141713-qazaqstandyq-tennisshi-parizh-olimpiadasynda-zhengilip-qalgany-ushin-keshirim-surady/