Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол менің қанымды ішті": қазақстандық спортшы Олимпиададағы жеңілісінің себебін түсіндірді

Жарияланған күні:

Руслан Курбанов
Руслан Курбанов. Фото: olympic.kz

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшесі Руслан Курбанов жекелей сындағы жеңілісінің себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Курбанов шпагамен семсерлесу бойынша алғашқы екі кездесуінде жеңіске жеткен. Бұл кездесулерде спортшы тактикалық тұрғыдан дұрыс жұмыс істегенін айтты.

"Алғашында марокколық спортшымен кездестім. Францияда туылып, осы жерде жаттығу жасайтын мықты спортшылардың бірі. Сондықтан онымен тактикалық тұрғыдан жақсы жұмыс істедім. Залдағы у-шуға мән бермей,  ешкімге көз салмай, бос кеңістікке кеткендей әсерде болдым. 

Екінші кездесуде маған Олимпиада чемпионы түсті. Оның кім екенін білемін, көптен бері бақылап жүрмін. Жаттығу кезінде де семсерлескеніміз бар. Жарыс пен жаттығудың мүлде бөлек нәрселер екені белгілі. Құрған тактикалық жоспарымыз жүз пайыз дұрыс боп шықты", - деді Руслан Курбанов.

Ал ширек финалда Руслан Курбанов жапониялық семсерлесушіге қарсы сынға түсіп, жеңіліс тапқан болатын.

"Ең қиын сәт Каномен кездескенім дер едім. Ол менің қанымды ішті. Олимпиада чемпионы. Мен одан бір емес, екі емес, бірнеше рет ұтылдым. Жарыстарда оны жеңген кезім есімде жоқ, тек жаттығуда болмаса. Семсерлесуде бәрі рейтинг бойынша жүреді. Егер бір минут ішінде ұпай алмасаң, саған сары қағаз береді. Егер сен бір минут ішінде екінші рет шабуылға бармасаң, қызыл қағаз береді. Егер үшінші рет ешкім ұпай алмаса, қара қағаз беріп, жарыстан шеттетеді. 

Қарсыласым рейтингте жоғары тұрғандықтан, мен шабуылға баруым керек. Ол қорғаныста да өзін жақсы сезінеді. Тактикалық тұрғыдан маған жалғыз жол болды – бірінші шабуылға барып, кейін қорғанысқа кету. Бірақ бәрі керісінше болды да, оның шабуылы үдей түсті", - дейді Руслан Курбанов.  

Айта кетейік, шпагамен семсерлесу бәсекесінің ширек финалдық кезеңінде қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов жапониялық Кано Кокимен сынға түсті. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша отандасымыз 6:15 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141875-ol-mening-qanymdy-ishti-qazaqstandyq-sportshy-olimpiadadagy-zhengilisining-sebebin-tusindirdi/