Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жүлде жеңіп алған елордалық спортшыларға Астана әкімдігі тарапынан қандай сыйақы берілетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізгені үшін спортшыларға Астана қаласы әкімінің мынадай сыйлығы көзделген:
- 1-орынға – 750 АЕК (2,7 млн теңге);
- 2-орынға – 600 АЕК (2,2 млн теңге);
- 3-орынға – 450 АЕК (1,6 млн теңге).
Сондай-ақ спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Олимпиадада ұлттық құрама сапында сайысқа түскені үшін ай сайынғы төлемдер төленеді:
- 1-орын – 250 АЕК-ке дейін (923 мың теңге);
- 2-орын – 200 АЕК-ке дейін (738 мың теңге);
- 3-орын – 150 АЕК-ке дейін (553 мың теңге);
- 4-орын – 90 АЕК-ке дейін (332 мың теңге);
- 5-орын – 70 АЕК-ке дейін (258 мың теңге);
- 6-орын – 60 АЕК-ке дейін (221 мың теңге).
Әкімдік жауабында пәтерлер мен автокөлік беру жөнінде сөз болмаған. Бұл ретте Заң бойынша Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде тұрғын үй беріледі: алтын медаль иегері үшін үш бөлмелі пәтер, күміс екі бөлмелі және қола үшін бір бөлмелі тұрғын үй. Медальдар санына қарамастан, баспана тек бір рет беріледі.
Айта кетейік, Астана қаласынан Париж Олимпиадасына 12 спортшы аттанған еді:
- Теннис – 5 лицензия (Рыбакина Елена, Путинцева Юлия, Бублик Александр, Недовесов Александр, Шевченко Александр);
- Бокс – 2 лицензия (Оралбай Айбек, Оралбай Нұрбек) ;
- Жүзу – 2 лицензия (Мусин Әділбек);
- Әйелдер боксы – 1 лицензия (Халзова Валентина);
- Қазіргі бессайыс – 1 лицензия (Потапенко Елена);
- Үстел теннисі – 1 лицензия (Герасименко Кирилл);
- Спорттық альпинизм – 1 лицензия (Маймуратов Әмір).
Еске салайық, ел қоржынына алғашқы жүлдені салған мерген Олимпиадада қанша табыс тапқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141904-olimpiada-oiyndarynda-zhuldeger-atangan-astanalyq-sportshylar-qansha-syiaqy-alady/