Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венесуэлалық спортшы араға 40 жыл салып Олимпиада ойындарына қайта қатысты

Жарияланған күні:

Венесуэлалық мерген Леонель Мартинес
Венесуэлалық мерген Леонель Мартинес. Фото: insidethegames.biz

60 жастағы венесуэлалық атқыш Леонель Мартинес 40 жылдық үзілістен кейін Олимпиада ойындарында қайтадан өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Сантьягода (Чили) өткен Панамерика ойындарында сәтті өнер көрсетіп, Париждегі байрақты бәсекеге жолдама алды. Венесуэлалық стенд ату спорты бойынша сынға түсті. Ереже бойынша спортшы ұшып бара жатқан тәрелкелерді атып түсіру қажет.

30 шілдеде Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында Леонель Мартинес іріктеу кезеңінде 28-орын алып, ақтық сынға жолдама еншілей алмады. Бұл байрақты бәсеке спортшының мансабындағы екінші Олимпиадасы. Ол тұңғыш рет 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға қатысып, 41-орынға тұрақтаған.

Олимпиадалық ойындарда ең ұзақ үзілістен кейін жарыс жолына қайта оралған Хироси Кокэцу саналады. Ат спорты бойынша сынға түскен спортшы араға 44 жыл (Токио-1964 пен Бейжің-2008) салып байрақты бәсекенің көркін қыздырған.

Айта кетейік, Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142358-venesuelalyq-sportshy-araga-40-zhyl-salyp-olimpiada-oiyndaryna-qaita-qatysty/