Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өңі сондай жылы": желіде Елдос Сметовтің бала күнгі суреттері жарияланды

Жарияланған күні:

Елдос Сметовтің бала күні
Елдос Сметовтің бала күні. Скриншот: instagram.com / yeldos60kg

Жақында әлеуметтік желіге Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің бала күнгі суреттері жарияланды. Халқының мерейін үстем еткен дзюдошының бүлдіршін шағындағы, жас күніндегі суреттерін көрген көпшілік ыстық ықыласын білдіріп жатыр, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіге жарияланған бұл суреттерде дзюдошы Елдос Сметовтің кішкентай күнінен бастап жігіттік шағына дейінгі кезеңдері көрсетілген. Жарияланған суреттің астына көпшілік жылы лебіздері мен тілектерін жаудырып жатыр.

"Қазақтың маңдайына біткен мақтанышы бол", "Өңі сондай жылы", "Нағыз қазақтың көрікті жігіті", "Өзіңдей шыншыл, мықты ұлдарды тәрбиелесең енді. Спорт кешенін салып, жүлдегерлер дайында. Сен мықтысың", "Қазақтың атын әлемге танытатын азаматтарымыз көп болсын".

Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы күнінде Елдос Сметов дзюдодан ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, топ жарған болатын. Сондай-ақ ол осы жеңісі арқылы Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142381-ongi-sondai-zhyly-zhelide-eldos-smetovting-zhas-kunindegi-suretteri-zhariialandy-foto/