Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнадан көрсек, таңғалмаймыз": желіде Елдос Сметовтің ән айтқан видеосы тарады

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes/Getty Images

Әлеуметтік желіде Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовтің ән айтқан видеосы тарады. Көпшілік қазақстандық спортшының талантына тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба "Tokyo" дзюдо клубының парақшасында пайда болды. Автор видеоның 10 жыл бұрын түсірілгенін жазды.

"Талантты адам барлық жағынан талантты. Ол жай ғана чемпион емес, талантты әрі тартымды чемпион. Ән де айтады, би де билейді, эмоцияны да керемет жеткізеді. Ал бұл видео 10 жыл бұрын түсірілген. Қолына сусын ұстаған ол Олимпиада шыңын бағындыру жолын осы кезде бастады", - деді автор.

Ал мұны көрген көпшілік Елдос Сметовтің талантына тамсанды. Олар спортшының сегіз қырлы, бір сырлы екенін айтып, ақ тілегін жаудырды.

"Қазіргі өмірі арман болып жүрген кезі ғой", "Дауысы керемет екен", "Таза дауыс, әнші ретінде сахнадан көрсек, таңғалмаймыз", "Олимпиада чемпионы болдың, енді әнші бол, қолдаймыз", "Мықты", "Сегіз қырлы, бір сырлы", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142648-sahnadan-korsek-tanggalmaimyz-zhelide-eldos-smetovting-an-aitqan-videosy-tarady/