Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзен суын ішіп қойдым": қазақстандық триатлоншы Олимпиаданың мәресіне неге жете алмағанын айтты

Жарияланған күні:

Триатлоншы Екатерина Шабалина
Триатлоншы Екатерина Шабалина. Фото: instagram.com/shabal1na

Париж Олимпиадасына қатысқан жалғыз қазақстандық триатлоншы Екатерина Шабалина мәреге неге жете алмағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екатерина Шабалина жүзуден 55-орын алып, велосайыс кезеңінде жарысты жалғастырудан бас тартқан еді. Спортшының айтуынша, ол Сена өзенінің суын ішіп қойып, өзін жайсыз сезінген.

"Төрешілерге жүзу кезінде болатын "төбелестерді" бақылау өте қиын, көрмей қалып жатады. Мен кеше басымнан бірнеше соққы алдым, салдарынан суға қақалып, бірнеше рет жұтуға тура келді. Содан жүрегім айнып, велосайыс кезеңінің бірінші айналымынан кейін құсып жібердім", - деді Екатерина Spor24.ru сайтына берген сұқбатында.

Триатлоншы жарыстан кейін бірден дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оған ақ халаттылар дәрі-дәрмек жазып беріпті.

Ресей тумасы Екатерина Шабалина 2020 жылы Қазақстан азаматтығын алған еді. Ол Ресей төлқұжатының айналасында өршіген допинг дауының әсерінен азаматтығын ауыстырғанын айтты.

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық мергендер жұбы Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлде еншілеген еді. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал 28 шілдеде тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142961-ozen-suyn-iship-qoidym-qazaqstandyq-triatlonshy-olimpiadanyng-maresine-nege-zhete-almaganyn-aitty/