Олимпиада ойындарында садақ ату жарысының финалдық кезеңі барысында кореялық спортшы Ким У Джинге стадионда ұшып жүрген ара кедергі келтірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Садақ атудан Қытай мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы жартылай финалдық кезең барысында ұшып жүрген ара кореялық спортшы Ким У Джиннің қолына қонып, оған кедергі келтірді.
"Мен ату сызығына жақындағанымда жақын маңда араның ұшып жүргенін көрдім. Мен оны қуып жібердім, бірақ ол қайтадан мен тұрған жаққа ұшып келді. Бір уақытта ол менің қолыма қона кетті, ал ол кезде мен садағымды нысанаға көздеп бастадым. Сол уақытта мен Олимпиада ойындарының маңызын есіме алдым, содан кейін қолымды төмен түсіре алмадым. Мен атуға бел будым", - деді спортшы Ким У Джин The Sun басылымына берген сұқбатында.
Ким У Джин осы атқан оғы дәл ондыққа тиеді. Дереккөздің мәліметінше, Олимпиада кезінде барлық спортшыларға орнатылған арнайы жүрек соғу жиілігін есептейтін мониторда Ким У Джиннің мұндай жағдайда да сабырлы болғанын көрсетті.
Нәтижесінде Оңтүстік Корея садақшылары жартылай финалда қытайлық спортшыларды жеңіп, кейін Олимпиада чемпиондары атанды.
Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143011-olimpiadada-sadaq-atu-zharysy-barysynda-sportshylarga-ara-kedergi-bolgan-video/