Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде Әбиба Әбужақынованы жеңген дзюдошыға сүйіктісі cөз салды (видео)

Жарияланған күні:

Лаура Мартинеске сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады
Лаура Мартинеске сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Фото: instagram.com/lauritamtnez1

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынованы жеңген испаниялық спортшы Лаура Мартинеске сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Лаура Мартинес жеке өміріндегі жаңалығын Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөлісті. Ол жариялаған суреттерден дзюдошының сүйіктісі Париждегі "Эйфель" мұнарасының жанында тізерлеп үйленуге ұсыныс жасағанын көруге болады. Спортшы бұл ұсынысқа "иә" дегенін жазды.

Айта кетейік, Лаура Мартинес Париж Олимпиадасының ширек финалында қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыновамен белдесіп, "иппон" әдісімен жеңген еді. Бірақ Мартинес жартылай финалда моңғолиялық, қола жүлдеге таласта франциялық спортшыға есе жіберіп, медаль еншілей алмады.

Ал Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай өкілін жеңгенімен, қола жүлде үшін белдесуде швециялық дзюдошыдан жеңіліп қалған болатын.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова қандай азаматқа тұрмысқа шығуға дайын екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143023-parizhde-abiba-abuzhaqynovany-zhenggen-dziudoshyga-suiiktisi-coz-saldy-video/