Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған спортшы тағы бір сайыста бақ сынады

Жарияланған күні:

Александра Ле
Александра Ле. Фото: olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілдері Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасында жекелей сында іріктеу кезеңіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Александра Ле мен Арина Алтухова винтовкамен үш позицияда нысана көздеуден (50 метр) cынға түсіп, финалға өте алмады. Александра 10-орынға жайғасса (587 ұпай), Арина 13-орынға (586 ұпай) табан тіреді. Ал ақтық сынға үздік 8 спортшы жолдама алды.

Еске салайық, Александра Ле 27 шілдеде тағы бір қазақстандық мерген Ислам Сәтбаевпен бірге 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды. Сондай-ақ Александра пневматикалық винтовкамен 10 метрден атудан жекелей сайыстың финалында өнер көрсетіп, 6-орынға тұрақтаған еді.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Бұл көрсеткішпен еліміз Олимпиаданың медаль кестесінде 17-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143141-parizh-2024-qazaqstan-qorzhynyna-algashqy-zhuldeni-salgan-sportshy-tagy-bir-saiysta-baq-synady/