Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жастағы жүзгіш Париж Олимпиадасында қос бірдей рекорд орнатып, тарихи жетістікке жетті

Жарияланған күні:

Франциялық жүзгіш Леон Маршан
Франциялық жүзгіш Леон Маршан. Фото: Maddie Meyer/Getty Images

Франциялық жүзгіш Леон Маршан жүзу спортында тұңғыш рет брасс және баттерфляй (200 метр) дисциплинасы бойынша Олимпиада ойындарының қос алтынын қанжығасына байлаған атлет атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

22 жастағы спортшы брасс және баттерфляй (200 метр) дисциплинасы бойынша жеңіске жетті. Сондай-ақ Леон Маршан бұған дейін кешенді жүзуде (400 метр) бақ сынап, Олимпиада алтынын еншіледі.

Франциялық жүзгіш Леон Маршан бастапқыда 200 метрге баттерфляй әдісінде жүзу арқылы Олимпиада рекордын орнатқан болатын (1:51:21), ал бір сағаттан кейін ол 200 метрге брасс әдісінде жүзу арқылы тағы бір рекордты жаңартты (2:05:85). Осылайша франциялық спортшы бір күнде қос бірдей рекордты жаңартып, екі алтынды қаныжғасына байлады.

Сондай-ақ Леон Маршан Париж Олимпиадасында үш рет топ жарған алғашқы спортшы атанды.

Айта кетейік, мұндай жетістікке жету аты аңызға айналған америкалық жүзгіш Майкл Фелпсқа да бұйырмаған. Майкл Фелпстың есебінде Олимпиаданың 23 алтын медалі (13 жекелей сында) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143197-22-zhastagy-zhuzgish-parizh-olimpiadasynda-qos-birdei-rekord-ornatyp-tarihi-zhetistikke-zhetti/