Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Олимпиаданың іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Жарияланған күні:

Эдуард Ещенко
Эдуард Ещенко. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Cтенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Стенд атудың скит бәсекесінде жалпы саны 30 спортшы бақ сынады.

Іріктеу кезеңнің бірінші күнінде қазақстандық Эдуард Ещенко 66 ұпай жинап, 27-орынға жайғасты.

Ертең, 3 тамызда скит бәсекесінің екінші іріктеу күні болады. Нәтижесінде үздік шыққан 6 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко трап сайысында бақ сынап, 10-орынға жайғасып, финалдық кезеңге өте алмай қалған болатын.

Стенд ату спортынан Париж Олимпиадасына қазақстандық спортшы Әсем Орынбай да қатысады. Ол скит сайысында бақ сынайды.

Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143597-qazaqstandyq-sportshy-olimpiadanyng-irikteu-kezenginde-oner-korsetti/