Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Владислав Яковлев жұбаныш финалында өнер көрсетті

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев
Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасы аясында академиялық ескек есуден қазақстандық Владислав Яковлев жұбаныш финалын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық ескек есуші Владислав Яковлев жұбаныш жарыстарында сынға түсті. 2000 метрге жүзу кезінде ол мәре сызығын 6:59.43-да кесіп өтіп, Е тобында үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жұбаныш финалында спортшылар жүлдеге таласа алмайды. Жұбаныш финалынан кейін спортшылардың бұл сайыстағы орындары белгілі болады. 31 жастағы қазақстандық Владислав Яковлев спорт мансабында Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысып жатыр.

Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143647-parizh-olimpiadasy-vladislav-iakovlev-zhubanysh-finalyn-otkizdi/