Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Париж Олимпиадасы іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстандық мерген Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында сынға түсті. Бұл сайысқа жалпы саны 29 спортшы қатысты.
Нәтижесінде қазақстандық мерген 293 ұпай жинақтап (орташа көрсеткіші – 9.767 ұпай), 6-орынға тұрақтады.
Іріктеу кезеңінің екінші айналымы бүгін, 4 тамызда сағат 16:00-де басталады. Үздік шыққан 6 мерген финалдық кезеңге жолдама алады.
Бұған дейін пневматикалық тапаншадан (10 м) оқу ату сынында Ирина Юнусметова / Никита Чирюкин жұбы бақ сынасқан болатын. 17 команда қатысқан бұл сайыста қазақстандық спортшылар 575 ұпай жинақтап, 11-орынға тұрақтаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144263-nikita-chiriukin-irikteu-kezengining-algashqy-ainalymynda-synga-tusti/