Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Ол белгіленген межені 9 минут 24,69 секундта жүгіріп өтіп, 10-орын алды. Ал ақтық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 5 спортшы жолдама алды.
Айта кетейік, Дэйзи Джепкемей – Кения тумасы. Ол 2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.
Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуынан күміс медаль иеленген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144265-qazaqstandyq-zhengil-atlet-parizh-olimpiadasynyng-finalynan-shet-qaldy/