Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көптен бері көрінбеген Даниал Ахметов Парижде көзге түсті

Жарияланған күні:

Даниал Ахметов пен қазақстандық жеңіл атлеттер
Даниал Ахметов пен қазақстандық жеңіл атлеттер. Фото: instagram.com / qazathletics

Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Парижде өнер көрсетіп жатқан спортшылармен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіл атлеттермен кездесу барысында Даниал Ахметов спортшыларды қолдау мақсатында қолдан келген шараның бәрін жасайтынын айтты.

"Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті", - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144562-kopten-beri-korinbegen-danial-ahmetov-parizhde-kozge-tusti/