Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада рекордын жаңартқан қазақстандық спортшы ширек финалға өтті

Жарияланған күні:

Әмір Маймұратов
Әмір Маймұратов. Фото: Olympic.kz

Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасы аясында жылдамдыққа құзға өрмелеу бәсекесінде іріктеу кезеңінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Париж Олимпиадасы аясында ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеуден іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Әмір Маймұратов бақ сынады.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка өкілі Брюнс Джошуамен шеберлік байқасты. Бұл текетіресте қазақстандық спортшы 4,94 секунд нәтижесін тіркесе, Оңтүстік Африка спортшысы 5,84 секундта биіктікті еңсерді.

Әмір Маймұратов ширек финалда Иран спортшысы Алипур Резамен өзара мықтыны анықтайды.

Ширек финалға әр кездесуде жеңіске жеткен спортшылар шығады. Сондай-ақ әр кездесуде жеңілгендер арасында ең үздік уақытты тіркеген спортшы ширек финалға жолдама алады. Нәтижесінде 8 спортшы ширек финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Әмір Маймұратов А жолағында көрсеткен нәтижесі (4,89 секунд) бойынша Олимпиада рекордын жаңартқан болатын. Алайда одан кейін сынға түскен Индонезия спортшысы Леонардо Веддрик 4,79 секунд тіркеп, Әмір Маймұратовтың рекордын жаңартты.

Ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеу бәсекесінің ширек финал, жартылай финал, финалдық кезеңдері 8 тамызда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145247-olimpiada-rekordyn-zhangartqan-qazaqstandyq-sportshy-irikteu-kezenginde-oner-korsetti/