Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бар күшін салды": Александра Ле мен Ислам Сәтпаевтың бапкері спортшылардың жүлдесі туралы айтты

Жарияланған күні:

Ольга Довгун.
Ольга Довгун. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 10 метрден нысана көздеуден командалық сында қола жүлде жеңіп алған еді. Екі мергеннің бапкері шәкірттерінің жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бар күшін салды, жарады! Біз оған сендік. Финалға шығу, финалда өнер көрсету – бұл да керемет көрсеткіш. Ештеңе етпейді, ол жеңілген жоқ. Жүлдеге ие болуға тырысты.

Бұл психологиялық қысым. Жай ғана ұпай үшін жарыс болып жатқан жоқ. Ондық үшін талас. Бұл өте қиын. Олар нысанаға жоғары дәлдікпен тиюі керек. Аздаған қобалжудың салдарынан оған жету қиындық туғызады. Осы жерде кішкене қолымыздан келмей қалды", - деді Ольга Довгун.

Сондай-ақ бапкер командадағы спортшылардың мықты өнер көрсеткенін, көбісінің үздік ондыққа енгенін айтты.

"Барлығы жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын. Команданың жартысынан көбі үздіктер қатарына енді. Бұл өте үлкен жетістік. Оған қоса спортшылардың бәрі жас, барлығы үшін бұл алғашқы Олимпиада. Құраманы жандандырған едік, міне үш жылдан соң нәтижесін көріп жатырмыз", - деді бас бапкер.

Еске салайық, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев 27 шілдеде 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145607-bar-kushin-saldy-aleksandra-le-men-islam-satpaevtyng-bapkeri-sportshylardyng-zhuldesi-turaly-aitty/