Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азияның үш дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда АҚШ балуанына жол беріп қойды

Жарияланған күні:

Азамат Дәулетбеков
Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерлер арасында 86 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Азамат Дәулетбеков 1/8 финалдық кезеңінде АҚШ балуаны Аарон Брукспен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық балуан 3:4 есебімен жеңіліс тапты.

Егер Аарок Брукс бұл бәсекенің финалына шықса, Азамат Дәулетбеков жұбаныш белдесуін өткізуге мүмкіндік алып, қола жүлдеге таласа алады.

86 кг дейінгі салмақтағы балуандардың әлемдік рейтингінде қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков (56400 ұпай) көш бастап тұр. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2022, 2023, 2024) атанған және әлем біріншілігінде екі мәрте (2022, 2023) қола медаль еншілеген.

Айта кетейік, күні кеше ел қоржынына қос бірдей күміс медаль түсті. Грек-рим күресінен 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Демеу Жадраев күміс еншілесе, бокстан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай тағы бір күмісті қоржынға салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146299-parizh-olimpiadasy-azamat-dauletbekov-aqsh-baluanyna-zhol-berip-qoidy/