Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рекорд жаңартқан қазақстандық спортшы Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

Жарияланған күні:

Әмір Маймұратов
Әмір Маймұратов. Фото: JONATHAN NACKSTRAND/AFP via Getty Images

Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан намысын қорғаған жалғыз спортшы Әмір Маймұратов жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әмір Маймұратов ширек финалда Иран спортшысы Алипур Резамен жарысты. Маймұратов құзға 6,14 секундта өрмелесе, оның қарсыласы жылдамырақ болды (5,57 секунд).

Қазақстандық құзға өрмелеуші іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка өкілі Брюнс Джошуадан басым түскен еді. Әмір 4,94 секунд нәтижесін тіркесе, Брюнс 5,84 секундта биіктікті еңсерді.

Сондай-ақ Әмір Маймұратов аралық кезеңде үздік нәтиже (4,89 секунд) көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңартқан болатын. Алайда одан кейін сынға түскен Индонезия спортшысы Леонардо Веддрик 4,79 секунд тіркеп, Әмір Маймұратовтың рекордын бұзды.

Қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдесі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146365-rekord-zhangartqan-qazaqstandyq-sportshy-olimpiadanyng-zhartylai-finalyna-ote-almady/