Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде алғашқы отыздықтың қатарынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде көшбасшы ауысты.
Әзірге АҚШ құрамасы медаль кестесінде көш бастады. Олардың еншісінде 30 алтын, 38 күміс, 35 қола бар. Ал Қытай 29 алтын, 25 күміс, 19 қола еншілеп, екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Аустралия (18 алтын, 14 күміс, 13 қола) түйіндеп тұр.
Қазақстан құрамасы Олимпиаданың медаль кестесінде алғашқы отыздықтан шығып қалды. Еліміздің спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоланы иеленіп, 31-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады. Сондай-ақ бүгінгі жарыс жолында алты қазақстандық спортшы бақ сынайды.
- Парижде Демеу Жадыраевқа 10 мың жанкүйер құрмет көрсетті
- Тарихта алғаш рет қырғыз боксшысы Олимпиаданың финалына шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146770-parizh-olimpiadasy-qazaqstan-quramasy-medal-kestesinde-algashqy-otyzdyqtan-shygyp-qaldy/