Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 финалдық кезеңінде сынға түсті. Ол Италия таеквондошысы Симоне Алессиоға қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы 0:2 (0:6, 1:3) есебімен жеңіліс тапты.
Егер Симоне Алессио финалға дейін жетсе, Батырхан Төлеуғали қола жүлде үшін жұбаныш кездесуінде сынға түсе алады.
Симоне Алессио екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2023) атанған және 2022 жылы Манчестерде өткен Еуропа чемпионатында топ жарған.
Батырхан Төлеуғали – жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Сондай-ақ ол Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан ең жас қазақстандық спортшы. Өткен айда ол 18 жасқа толған.
Айта кетейік, іріктеу айналымында Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалиді 2:1 есебімен жеңген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146870-qazaqstan-atynan-synga-tusken-eng-zhas-olimpiadshy-alem-chempionyna-ese-zhiberdi/