Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 10 тамызда қазақстандық спортшы Дэйзи Джепкемей 10 мың метрге жүгіру бәсекесінде сынға түсті. 25 жеңіл атлет бақ сынаған финалдық кезеңде Дэйзи мәреге 31:26:55 уақытта жетіп, 17-орын алды. Аталмыш сында бірінші орын алған кениялық желаяқ Чебет Беатрис мәреге 30 минут және 43.25 секундта жетті. Екінші орын италиялық спортшы Надиаға тиесілі, ал үздік үштікті Нидерландының өкілі Хасан түйіндеді.
Айта кетейік, 10 мың метрге жүгіру бойынша Олимпиада рекорды эфиопиялық Алмаз Аянаға тиесілі. 2016 жылы Риода өткен жарыста Алмаз аталмыш сынды 29 минут 17.45 секундта бағындырған.
Тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде сынға түсті. 15 спортшы бақ сынаған финалдық кезеңде жеңіл атлет Нора Джеруто мәреге 9:08:97 уақытта жетіп, 9-орын алды.
- Испания футбол құрамасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды
- Қазақстандық спортшы жартылай финалда сынға түсті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147151-parizh-olimpiadasy-keniiada-tugan-qazaqstandyq-zhengil-atlet-zhuldege-ilige-almady/