Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекеге қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жартылай финалда спортшылар 200 метрге еркін әдіс арқылы жүзу, конкур (атпен шабу), семсерлесу және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) сайыстары бойынша бақ сынады.
А тобының жартылай финалында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орынға тұрақтады.
А тобының жартылай финалдық бәсекесінде жалпы саны 18 спортшы шеберлік байқасты. Финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алды.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы рейтингтік раундта Елена Потапенко 36 спортшының ішінде 27-орынға тұрақтады. Ол 15 рет жеңсе, 20 мәрте жеңіліп, 200 ұпай жинады.
Георгий Борода-Дудочкин жартылай финалда жалпы саны 1452 ұпай жинақтап, 16-орын алып, финалдық кезеңге шыға алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147227-olimpiada-2024-elena-potapenko-zhartylai-finalda-oner-korsetti/