Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық брейкдансер Париж Олимпиадасында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жарияланған күні:

Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров
Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров. Фото: olympic.kz

Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғап жатқан тұңғыш би-бой Әмір Зәкіров топтық кезеңдегі екінші батлында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әмір Зәкіров D тобындағы екінші батлында Billy-ді (Марокко) айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 2-0 (7-2, 8-1). Енді қазақстандық би-бой Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі брейкдансермен сайысады.

Айта кетейік, Әмір Зәкіров Париж Олимпиадасындағы алғашқы батлында Menno есімді Нидерланд өкілімен кездескен еді. Бұл бәсекеде Әмір 0:2 (1:17) есебімен есе жіберген болатын.

Брейкинг биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді. Осылайша, Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғап жатқан алғашқы спортшы атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147298-qazaqstandyq-breikdanser-parizh-olimpiadasynda-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/