Олимпиада ойындарына брейкингтен Қазақстан намысын қорғауға аттанған тұңғыш би-бой Әмір Зәкіров ширек финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әмір Зәкіров топтық кезеңде өнер көрсетті. Ол алғашқы батлында Menno есімді Нидерланд өкілімен кездесіп, 0:2 (1:17) есебімен есе жіберген болатын. Ал екінші кездесуде Billy-ді (Марокко) айқын басымдықпен жеңді – 2:0 (15:3). Кейін топтық кезеңдегі соңғы батлда тайпэйлік Quake-тен 2:0 (13:5) есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды
Халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танымал Әмір Зәкіров Шанхайда және Будапеште өткен Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша 71 ұпай жинап, алтыншы орынға жайғасқан еді. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын жеңіп алуға мүмкіндік берген болатын.
Брейкинг биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді. Осылайша, Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғап жатқан алғашқы спортшы атанып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147307-qazaqstandyq-breikdanser-parizh-olimpiadasynyng-shirek-finalyna-shyqty/