Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысының әкімі Демеу Жадыраевтың анасына жаңа үйдің кілтін табыстады (фото)

Жарияланған күні:

Жетісу облысының әкімі Демеу Жадыраевпен кездесті
Жетісу облысының әкімі Демеу Жадыраевпен кездесті. Фото: gov.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты және оның анасы мен бапкерлерін қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт Исабаев балуан Демеу Жадыраевқа "Жетісу облысының Құрметті азаматы" төсбелгісін тақты. Сондай-ақ әкім спортшының анасы Күлипа Бижановаға Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.

"Алып анадан туады", халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен Демеудің анасы, cізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең алдымен анаға жасалуы керек", - деді Бейбіт Исабаев.

Бейбіт Исабаев балуан Демеу Жадыраевқа "Жетісу облысының Құрметті азаматы" төсбелгісін тақты
Бейбіт Исабаев балуан Демеу Жадыраевқа "Жетісу облысының Құрметті азаматы" төсбелгісін тақты. Фото: gov.kz

Облыс басшысы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлықтар тапсырды. Ал Демеу Жадыраев анасына ерекше құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

"Анамды арнайы шақырып, құрметтеп, баспана сыйлап жатқандарыңызға көп рахмет айтамын. Кезінде Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде төрт жыл оқып, сол жерде қанатымыз қатайды, үлкен спортқа қадам басуға көпір болды. Туып-өскен жеріміз "Жетісу облысының Құрметті азаматы" атану мен үшін үлкен мәртебе", - деді Демеу Жадыраев.    

Жетісу облысының әкімі Демеу Жадыраевты қабылдады
Жетісу облысының әкімі Демеу Жадыраевты қабылдады. Фото: gov.kz

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – Жетісу облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылының тумасы. Оның спорттағы алғашқы қадамы Үшарал ауылындағы мектепте күрес секциясына қатысудан басталған. Бұл секцияда оған күрестің бастапқы әліппесін үйреткен жаттықтырушы Жұмахан Тұрғамбеков болды. Кейін 2003-2007 жылдарда Демеу Жадыраев Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде оқыды.

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жапон балуаны Нао Кусакаға 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншілеген болатын. Бүгін, 10 тамызда қазақстандық спортшы елге оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147308-zhetisu-oblysynyng-akimi-demeu-zhadyraevtyng-anasyna-zhanga-uiding-kiltin-tabystady-foto/