Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ бапкері жаттықтыратын таеквондошы Олимпиада чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Таеквондошы Фирас Катоуси
Таеквондошы Фирас Катоуси. Фото: Tnani Badreddine/DeFodi Images via Getty Images

Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис таеквондошысы Фирас Катоуси Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Фирас Катоуси финалда Иран спортшысын жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері – қазақ азаматы Есбол Сұлтанов. Ол Jibek Joly телеарнасына берген сұқбатында 2023 жылдың қыркүйегінде Туннис мемлекетінің шақыруымен шетел асқанын айтты.

"Негізгі мақсатым шетелде жаңа белестерді бағындыру болды. Бір жылдың ішінде көп жұмыс атқардық. Мен ғана емес, бүкіл команда, оның ішінде ғылыми топ, медицина қызметкерлері, федерация, олимпиадалық комитет жұмылып еңбек етті. Туниске барған кезде келісімшарт жасастық. Олар барлық жағдайды жасады, керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті, жоспарланған оқу-жаттығу жиындардың, жарыстардың бәріне қатыстық.

Тунис таеквондо құрамасы Олимпиадаға толық құрамда қатысты. Бұл Тунистің тарихында бірінші рет болды. Жарыстың бірінші күні 58 кг салмақта спортшымыз қола медаль алды. Ал үшінші күні 80 кг салмақта алтын медаль жеңіп алдық. Бұл Тунис үшін тарихи жеңіс болды. Өйткені Тунис Олимпиада ойындарында алғаш рет алтын жүлде иеленді. Қазір бұл елде үлкен мереке болып жатыр", - деді бапкер.

Сондай-ақ Есбол Сұлтанов Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық таеквондошылар туралы да айтты. Қазақстан намысын Олимпиадада Самирхон Абабакиров (58 кг) және Батырхан Төлеуғали (80 кг) қорғаған еді. Бірақ екеуі де жүлде иелене алмады.

"Қазақстан спортшылары жақсы дайындықпен келген. Мотивация жағынан ешқандай әлсіздік болған жоқ. Бірақ кішкене тәжірибе жетпеді деп ойлаймын. Өйткені екеуі де жас спортшы", - деді Сұлтанов.

Еске салайық, Есбол Сұлтановтың шәкірті Мохамед Халиль Жендуби Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147319-qazaq-bapkeri-zhattyqtyratyn-taekvondoshy-olimpiada-chempiony-atandy/