Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әмір Зәкіров Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Жарияланған күні:

Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров
Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров. Фото: Jari Pestelacci/Eurasia Sport Images/Getty Images

Қазақстандық би-бой Әмір Зәкіров Париж Олимпиадасында брейкинг бағдарламасының ширек финалында өнер көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әмір Зәкіров ширек финалда Victor лақап атымен танымал АҚШ өкілімен батлға шықты. Бұл бәсекеде қазақстандық би-бой қарсыласына есе жіберді. Есеп: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7).

Еске салайық, Әмір Зәкіров топтық кезеңде екі рет жеңіске жетіп, ширек финалға шыққан болатын. Ол алғашқы батлында Menno есімді Нидерланд өкілімен кездесіп, 0:2 (1:17) есебімен есе жіберді. Ал екінші кездесуде Billy-ді (Марокко) айқын басымдықпен жеңді – 2:0 (15:3). Кейін топтық кезеңдегі соңғы батлда тайпэйлік Quake-тен 2:0 (13:5) есебімен басым түсті.

Брейкинг биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді. Осылайша, Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғаған алғашқы спортшы атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147328-amir-zakirov-olimpiadanyng-zhartylai-finalyna-shyga-almady/