Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен қорытындылады

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

Қазақстан құрамасы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен қорытындылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан құрамасының нәтижесін Ұлттық олимпиада комитеті Telegram желісіндегі ресми арнасында жариялады.

Франция астанасында қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті.

Сондай-ақ қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы әзірге медаль саны бойынша 42-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147479-qazaqstan-olimpiada-oiyndaryn-aiaqtap-medal-sany-boiynsha-uzdik-50-elding-qataryna-kirdi/