Париж Олимпиадасы ресми түрде жабық деп жарияланды. Олимпиада жалауы 2028 жылы жазғы Олимпиада өтетін Лос-Анджелес (АҚШ) қаласына табысталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 11 тамызда "Стад де Франс" стадионында Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Шара кезінде Олимпиада жалауы әдеттегідей келесі ойындар болатын қалаға табысталды. Жалауды Лос-Анджелес қаласының мэрі Карен Басс қабылдап алды.
XXXIV жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылы 14-28 шілде аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болады. АҚШ мемлекетінде төртінші рет жазғы Олимпиада өтпек. 1904 жылы Сент-Луис, 1932 және 1984 жылдары Лос-Анджелес, ал 1996 жылы Атланта қаласында жазғы ойындар жалауын түрген.
Айта кетейік, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында болған Париж Олимпиадасына 206 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салды. Қазақстан құрамасы сапынан 78 спортшы сынға түсті. Еліміз төрт жылдықтың басты бәсекесінде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147550-olimpiada-zhalauy-los-andzheles-qalasynyng-merine-tabystaldy/